«ФИЗИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ

 «ФИЗИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ

Аннотация: мақалада физика пәнін оқитын мамандықтарда сабақтарды оқытуда мультимедиялық көрсетілімдерді дайындаудың және оларды Articulate Storyline бағдарламасының көмегімен қолдану арқылы оқу үрдісіндегі физика пәні бойынша тапсырмалар жүйесіне қолдану әдістемесі қарастырылады.

Кілт сөздер: программалау, мультимедия, дайындық, оқыту, қолдану, интерактивті әдістер, алгоритмдерді программалаудың математикалық моделі, электронды оқу басылымы, компьютерлік технологиялар, Articulate Storyline бағдарламасы.

Ғылыми – техникалық процесс қарқын алып, замануи түлектердің бойынан табылуы тиіс болған білім көлемі мен мазмұны сөзсіз артады. Бұл мәселені, ең алдымен білім беру бағдары толық көлемде шеше алады.

Оқу үрдісіндегі негізгі басқару және ықпал ету құралы ретінде компьютер пайдаланылатын сабақ кезеңдерінде, оқытушы білім алушылардың алға қойылған мақсатқа жетудегі талпыныстарын, өз бетінше іздену, осыған дейін меңгерілген біілімдерді белсенді түрде жаңғырту және дайын әдебиеттерді ондағы жетіспейтін білімдермен толықтыруға деген қызығушылықтарын бақылап отыруға зор мүмкіндік алады. Сол арқылы оқытушы білім алушылармен оқытушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты дамыту және басқару бойынша өз қызметін жобалай алады. Оқу іс-әрекетін тексеруге арналған эталондарды беру(оқу тапсырмалары немесе компьютерлік программалар арқылы), көрініс тапқан қателердің пайда болу себебін талдау нәтижесінде әр сабақ сайын білім алушылар өзін-өзі бақылап, өз қатесін өзі түзетуге бірте-бірте дағдылана бастайды.

Мультимедиялық оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей(базалық), бағдарламалық деңгей, күрделенген деңгей. Мультимедиялық көрсетілімдерді қолдану арқылы физика сабақтарында білім алушылардың еске сақтау мен ойлау, қызығушылық қабілеті жақсы дамиды. Егер білім алушының қызығушылығы жайында жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, білім алушының даму үрдісі шапшаңдайды.

Мультимедиялық құралдарды компьютерлік техникамен оқыту үдерісін пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:

  1. Өзара тығыз байланыстағы материалдарды кезеңдерге бөлу. Ол оқытушының оқу материалдарын тиянақты талдауды, кезең бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
  2. Физика пәнін оқыту кезінде білім алушылардың белсенділігін арттыру, яғни олардың терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.
  3. Білім алушылардың әрбір жауабына мұқиат баға беру, және ол жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса, келесі адамға көшу.
  4. Оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.

Негізгі зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мағыналығы физика пәнін оқитын мамандықтарда студенттердің шығармашылық және кеңістікті ойлау қабілеттерін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру қазіргі таңдағы мәселелердің бірі болып саналады.

Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім беру мазмұнын түбірімен өзгертуде мультимедиялық құралдардың мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес.

Көрсетілім ағылшын тілінен аударғагда «presentation» — елестету – бұл белгілі бір тақырыпқа анықталған әр түрлі картинка-слайдтар жиынтығы. Әрбір слайдқа мәтіндік және графикалық ақпараттарды өз бетімен сыйғызуға болады.

         Физика пәнін оқитын мамандықтарда мультимедиялық көрсетілімдер көмегімен әдістемелік материалдар дайындау және қолдану білім беру саласында мультимедиялық оқытуды қолданудың төрт бағытын қарастырамыз:

  1. Көрсетілім, сабақтың өтілу барысын арттыру үшін бағдарламаларды қамтамасыз ету;
  2. Көрсетілімдерді дайындау үшін  Articulate Storyline бағдарламасымен білім алушыларды таныстыру;
  3. Көрсетілімдерді қолдану барысында білім алушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру;
  4. Мультимедиялық көрсетілімдерді қолдану кезінде сабақты жоспарлауға және оның қызығушылығын арттыруға әрекет жасау.

Физика пәнін оқитын мамандықтарда мультимедиялық көрсетілімдерді сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін-өзі бақылау;
  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс жасағанда әдістемелік көмек беру.

Негізгі мультимедиялық құралдарды пайдалану жұмысына келесі міндеттер қойылады:

  • Өткізілетін сабақтың мазмұнын іріктеу;
  • Слайдтар айқындығын анықтау және тексеру;
  • Оқу үдерісіне ендірілген дидактикалық кешен мазмұнының тиімділігін анықтау;
  • Оқытушының дайындық деңгейіндегі өзгерістерден мәліметтер жинау;
  • Articulate Storyline бағдарламасының  көмегімен слайд жасауда кездескен қиыншылықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жоюдың жолдарын іздестіру.

Көрсетілім дайындауда оқытушы өзін барлық сабақтың ұйымдастырушы және кеңесшісі, орындаушы ретінде көрсетеді. Көрсетілімдерді дайындау үшін қолданылатын ақпараттық құрылғыларды таңдауда  аппарат құрылғыларын бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын минималды жүйе талаптарына негізделген құрылғыларды қолданады. Олардың қатарына Intel Pentium I 100 МГц төмен емес процессоры, 1024 Мб-тан кем емес жедел жады мөлшері, бос кеңістігінің мөлшері 1024 Мб-тан кем емес қатты дискі, резервтік және үздіксіз жұмыс жасайтын тоқ алу көзі жатады. Сонымен қатар, көрсетілімдерді дайындаған кезде бағдарламалық құрылғылар: Internet Explorer web-браузері және мөлшері 50 MB-тан артық емес SCORM пакетін қолданады.

Көрсетілімдер Articulate Storyline бағдарламалық қамсыздандыруды қолдана отырып  HTML5 тілінде жүзеге асырылады. Articulate Storyline бағдарламасының сыртқы көрінісі төменде келтірілген(1-сурет).

         Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибесі дәлелдегендей оқытудың мультимедиялық көрсетілімдерін және көрсетімділік әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, оқушылардың білім, білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Мультимедиялық оқыту құралдары – нақты уақыт кезеңінде қолдану мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Алайда, кез келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру  үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқыту мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет.

Мультимедиялық көрсетілімдерді қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Мультимедиялық оқытуды физика пәнін оқитын мамандықтарда қолданғанда сабақ сапасы бірінші кезекте оқытушының өзіне, яғни мультимедиялық көрсетілімдердің мүмкіндіктерін қалай қолданатынына, тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Мультимедиялық көрсетілімдерді пайдалану кез келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың басынан бастап оқушылардың шығармашылық  және танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Ж.К.Жалгасбекова., К.Н.Балабеков Компьютерное моделирование процессов как метод повышения качества обучения студентов ВУЗА  — 2013, №1,РИНЦ (2011) С.157-162.
  2. http://www.prodlenka.org/doklady/elektronnye — i-trifrovye-obrazovatelnye — resursy. html.
Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [444.00 KB]

Егер сайттағы мәтіннен қате тапсаңыз, мәтіннің бір бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернесін басыңыз

Daraboz Education

https://daraboz.kz

Daraboz Education - "Дарабоз" ғылыми-әдістемелік журналы Тел: +7 (771) 691-92-93 Email: edu@daraboz.kz (байқау); journal@daraboz.kz (журнал)

Ұқсас публикация

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: