ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМДІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМДІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация: мақалада физика пәнін оқытуда мультимедиялық көрсетілімдерді дайындаудың және оларды Articulate Storyline бағдарламасының көмегімен қолдану арқылы оқу үрдісіндегі физика пәні бойынша тапсырмалар жүйесі қарастырылады.

Кілт сөздер: программалау, мультимедия, дайындық, оқыту, қолдану, интерактивті әдістер, алгоритмдерді программалаудың математикалық моделі, электронды оқу басылымы, компьютерлік технологиялар, Articulate Storyline бағдарламасы.

Электронды оқыту жүйесі білім беру саласын мазмұндық жағынан жаңартудың 8 бағыттарының бірі. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады.

Сандық білім беру ресурсы — әдістемелік құрал. Сандық білім беру ресурстарын дайындау білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістердің бірі болып табылады. Оқу үрдісінде сандық білім беру ресурстарды қолдану барысында индивидуальды білім алуды жүзеге асыруға, білім алушының белсенділігін арттыруға оқу қызметін қарқындандыруға мүмкіндік пайда болады.

Қазіргі таңда физикадан сабақ жүргізу барысында сандық білім беру ресурстарын дайындаудың кешенді тәсілдері физика білім беру саласындағы болашағы кәміл бағыттардың біріне айналуы мүмкін. Сандық білім беру ресурстары типологиясы, бір жағынан білім алушыға кілттік түсініктерді қалыптастыру үрдісін көрнекті түрде ұсынса, екінші жағынан оқушының да осы үрдіске белсенді түрде қатысуына жол ашады.

Сандық білім беру ресурстар физика сабақтары барысында пайдалану – бұл оқу үрдісін қарқынды ету, оптималдандыру мүмкіндіктерге жол ашу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, білім деңгейін арттыруға бағытталған жоспарларды жүзеге асыру, сабақ темпін жоғарлату, өзіндік жұмыстардың көлемін арттыру болып табылады.  Сандақ білім беру ресурстары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой еңбегінің мәдениетін дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастыруға, сондай – ақ оқу үрдісінің мотивациялық саласына, оның қызметтік құрылымына ықпал етеді.

Берілген мақаланың негізгі мақсаты «Еріксіз тербелістерді оқып зерттеу» тақырыбына сәйкес сандық білім беру ресурстарын дайындау. Дайындау кезінде ең алдымен, осы тақырыпқа сәйкес сандық білім беру ресурстарының педагогикалық сценарийлері әзірленді. Әрбір Сандық білім беру ресурстары құрамында үш компонент бар: 1) теориялық бөлім; 2) интерактивті бөлім (тапсырмалар); 3) тексеруші блок (тест тапсырмалары).

Пән бойынша іріктелініп алынған әр тақырыптың сценариін тиімді және дидактикалық, эстетикалық, дизайн мен қолданушы интерфейсіне, сонымен қатар, сандық білім беруде қойылатын технологиялық талаптарды ескере отырып құру керек (1- сурет).

Интерактивті бөлімдегі тапсырмалар (2-сурет) теориялық материал бойынша негізгі білімді бекітуге негізделген. Сондықтан да, әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдардың анықтамаларын, түрлерін, қолданысын, дұрыс жазылуын, айырмашылықтарын білуін үйрететін әр түрлі формадағы 4-5  тапсырма беріледі.

Тексеруші блоктағы тест сұрақтарының саны 10 –нан кем емес, тестке қойылатын талаптарға сәйкес құрылады, мұнда теориялық материал бойынша білуі тиіс негізгі ұғымдар сұралады, нәтижесі бағаланады, дұрыс жауап нәтижелері көрсетіледі (3-сурет).

Қарастырылған сандық білім беру ресурстарының анықтамаларына талдау жүргізіп, сандық білім ресурстарының келесі анықтамасы оның мазмұнын ашып, тез түсініліп және оңай есте сақталынады, сондықтан да  басқа анықтамалармен салыстырғанда  жақсырақ болып келеді. «Cандық білім беру ресурсы»  — бұл сандық формада ұсынылған, оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шынайы объектілер мен интерактивті модельдеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалар, символдық объектілер және іскерлік кескін, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу материалдары.

Ресурстарды өңдеу барысында ескерілуі тиіс болатын сандық білім беру ресурстарын жобалаудың әр түрлі ерекшеліктері анықталды:

  • Білім алушылардың жасқа байланысты психолого-педагогикалық және оқушылардың мәдени тәжірбиесінде кездесетін айырмашылықтардың ерекшеліктерін ескеру;
  • Әр түрлі формадағы (кескін, кесте, әр түрлі жанрдағы түпнұсқа және құрама мәтіндер, бейне қатарлар және т.с.с.) берілген ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған материалдарды қамтуы тиіс;
  • Стандартты емес шешім табуға бағытталған тапсырмалар ( оқытатын, сондай-ақ диагностикалық сипаттағы) жинағын қамтуы тиіс.

Қорыта келгенде, сандық білу беру ресурсын әзірлеу сценарий жазушыдан үлкен жауапкершілікті, пән бойынша терең білімді, ал программистен сандық білім беру ресурсын әзірлеу құралдарының мүмкіндіктерін терең игеруді, қолданушы интерфейсін дұрыс құра білуді талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/CMS/ [Электронный ресурс]- Википедия –свободная энциклопедия.
  2. Тюрин Ю. И.,  Чернов И.П., Крючков Ю.Ю. Физика  2. Электичество и магнетизм, Томск, 2003.-738c.
Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [254.00 KB]

Егер сайттағы мәтіннен қате тапсаңыз, мәтіннің бір бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернесін басыңыз

Daraboz Education

https://daraboz.kz

Daraboz Education - "Дарабоз" ғылыми-әдістемелік журналы Тел: +7 (771) 691-92-93 Email: edu@daraboz.kz (байқау); journal@daraboz.kz (журнал)

Ұқсас публикация

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: