Сабақта мобильдік қосымшаларды қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыру әдістерінің бірі

 Сабақта мобильдік қосымшаларды қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыру әдістерінің бірі

Аннотация: Бұл жұмыста Mac OS X операциялық жүйесінде Xcode өңдеу ортасын қолданудың мүмкіндіктері талданып және мобильдік қосымшаларды дайындауда қолданылатын программаларды жүзеге асырудағы қолданысы сипатталады.

Кілт сөздер: программалау, мультимедия, дайындық, оқыту, қолдану, интерактивті әдістер, алгоритмдерді программалаудың математикалық моделі, электронды оқу басылымы, компьютерлік технологиялар, Mac OS X , Xcode  бағдарламасы.

XXI ғасырдың жаһандық шақырылуы қазіргі білім берудің тиімді жүйелерін құру — мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі, оқыту процесін ақпараттандыру цифрлық ғасырда білім беру жүйесінің ең маңызды мақсаты болып табылады. Қазіргі даму кезеңінде жедел ақпараттандыру процесін, ақпараттандыру технологиясын қолдау өмірдің барлық саласына енгізілуде. Ақпараттық технологиялардың дамуы адамзаттың функциональдық сауаттылығына компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында қазіргі заманғы қауым әртүрлі қоғамдық өндіріс деңгейлері арасындағы байланыстың күрделене түсуіне техникалық, ғылыми, саяси, мәдени, тұрмыстық және басқа да қоғамдық қызмет көрсету орталарында өзара жүретін ақпараттық ағындардың көбеюін талап етеді. Қазіргі кезде қоғам арасындағы ешбір процесті ақпарат алмасуынсыз елестету мүмкін емес. Ал осы байланысты жүзеге өз уақытында, дер кезінде жеткізу үшін әртүрлі құралдар мен байланыс жүйелері қолданылады.

Осыған байланысты адамның практикалық қызметінде ақпаратты өңдеу құралдарды және қазіргі перспективті әдістерді рационалды пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары дәрежелі мағынаға ие болады. Сондықтан да адам өмірінің барлық салаларын автоматтандыру қажеттілігі туады. 

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде оқушылардың білімдерін қалыптастыруда Apple бағдарламалау ортасын пайдалану кеңінен таралған. Apple Macintosh компьютерінде Mac OS Х(Macintosh Operating System) операциялық жүйесімен жұмыс істеу кезінде қарапайым операцияларды орындау үшін негізгі дағдылар мен білімдерді алуы қажет. Операциялық жүйені қосқаннан кейін оның тапсырмасына компьютердің барлық программалық‑ақпараттық  жабдықтамаларының  басқарылуы кіреді.

Ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша Apple программалау ортасын қолдану арқылы мектеп оқушыларында Xcode өңдеу ортасында программа жүргізуге оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан, ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларды программалауға үйрету және оқыту қажеттілігінің арасында Xcode өңдеу ортасын қолдануда қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама‑қайшылықты қалыптастырды.

Осы қарама‑қайшылық зерттеудің проблемасын тудырды, яғни оқушыларынды Xcode өңдеу ортасында программа жүргізуге оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау. Осыған байланысты оқушыларды алдын ала дайындау үшін әртүрлі мобильді қосымшаларды құру қажеттілігі туындалды [1].

Mac OS (Macintosh Operating System) — графикалық интерфейсі бар проприетарлық операциялық жүйелердің бір түрі болып табылады. . Ол Mac OS X-пен бірге әлемде танымалдылығы бойынша екінші орында тұр (2009 жылдың шілдесіндегі нарықтық үлесі 4,86%). Apple корпорациясымен (басында — Apple Computer болған) өзінің Macintosh компьютерлер үлгісі үшін арнайы әзірленген. Қазіргі операциялық жүйелердегі пайдаланушының графикалық интерфейсінің көпшілікке таралуын Mac OS-тың еңбегі деп есептейді.

Mac OS Apple компаниясының алғашқы Macintosh дербес компьютерлерімен бірге 1984 жылы жарыққа шыққан. Mac OS жүйесінің бірінші нұсқаларында іске асырылған идеяларды авторлары Xerox фирмасынан алып пайдаланған. Xerox PARC зертханалық орталығында  графикалық операциялық жүйесі бар компьтерлер болған, бірақ олар оны тек өздерінің қажеттіліктері үшін ғана пайдаланған және коммерциялық қолданыс туралы жоспарламаған.

Mac OS алғашқы нұсқасы шыққаннан кейін оның тағы тоғыз түрлі модификациялары  шыққан, оларда мынадай жақсартулар енгізілген:

  • Бір уақытта бірнеше қосымшалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мульти файндерді пайдалану;
  • Мультимедиялық функциялар мен интернетте жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіру;
  • Қара-ала иконкаларды түрлі-түстіге алмастыру, ал кейіннен жаңа «платиналы» интерфейстің және өзіннің талабы бойынша тақырыпты таңдау мүмкіндігінің пайда болуы;
  • Жаңа HFS+ файлдық жүйесінің пайда болуы;
  • Инсталлерлер функциясының жетілуі;
  • Локальді дисктерден және интернет желісінен файлдарды іздеуге арналған Sherlock программасының пайда болуы;
  • Көп пайдаланушылар режимінің пайда болуы және рұқсат ету құқығының шектеулігі.

Қазіргі кезде Mac OS X-та өзінің әдемі, спецэффекттерімен жүктелмеген және көзге көрікті Aqua интерфейсі бар. Ол қарапайым қолданысымен және жылы шырайлығымен ерекшеленеді. Онда Carbon API, Cocoa API және Java API компоненттері бар Core Foundation программалау ортасы пайдаланылады. Графикалық ортасы QuickTime, Quartz Extreme және OpenGL сияқты технологияларды пайдаланумен көрсетілген. Сонымен қатар, Mac OS X программалаудың Си, C++, Objective-C, Ruby және Java сияқты тілдерінде жазылған программалық жабдықтаманы пайдалануға мүмкіндік береді. Mac OS X-тің маңызды құндылықтары бірі, ол оның интернетпен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздігі, яғни ол интернет-шабуылдардан жақсы қорғалған, оны жеңетін вирустардың саны қазіргі кезде тым аз [2].

Егер Mac OS X-тің бүкіл құндылықтарын есепке алса, онда ол барлығына әйгілі ОС Windows негізгі бәсекелесі сияқты кеңінен неге таралмаған деген сұрақ туады. Оған жауап өте қарапайым, Mac OS Х тек Apple компаниясының Macintosh компьютерлерінде ғана орнатылады, бұл оның басқармасының принциптік шешімі болып табылады. Macintosh компьютерлері кәдімгі дербес ЭВМ-дан бірнеше есе қымбат тұрады, сондықтан Macintosh пайдаланушылардың саны бүкіл әлемдегі компьютерлер пайдаланушыларының жалпы санына қатысты салыстырмалы түрде аз болып келеді[3].

Ұсынылып отырылған мақаланың негізі мақсаты — Apple компаниясының iPhone және iPad өнімдеріндегі Xcode өңдеу ортасының көмегімен оқушыларды программа жүргізуге оқытудың және анықтамалық әдістемелік құралды сипаттайтын «Физика» пәні бойынша мобильдік қосымшасын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік анықтамалық  құралды құрастыру.

Берілген тапсырмаға сәйкес Xcode өңдеу ортасында қосымшаны өңдеу үшін жаңа жобаны құрамыз. Ол үшін Create a new Xcode Project мәзірін таңдаймыз. Xcode өңдеу ортасында құрылған  жаңа жобаның сыртқы көрінісі 1 — суретте келтірілген.

Жұмысты бастау пайда болған терезеден дайын шаблондардың бірін таңдаудан басталады. Біз құратын қосымша үшін Single View Application шаблоны қажет. Single View Application шабонын таңдағаннан соң Next батырмасын басып, жаңа жобаның атын енгіземіз және қайда сақтайтын орнын көрсетеміз.

Келесі кезекте жобамызға қажетті суреттер мен құжаттарды қосу үшін File+Add Files to «Aniktamalik_kural» немесе Command+Option+A командалары орындалады. Қосымшаға өзімізге керекті құжаттар мен суреттер таңдалынып жобаға қосқаннан соң, оң жақ қапталдағы Inspector панелінен Style мәзіріне еніп Custom қасиетінен Basic қасиетін және Accessory мәзіріне еніп None қасиетінен Detail Disclosure қасиетін таңдаймыз. Сонымен қатар толтырулы тұрған Title қатарын жобаға сәйкес «Кинематика» деп өзгертеміз. Inspector панелінде Custom қасиетін Basic қасиетіне және Title қатарын жобаға сәйкес «Кинематика» деп өзгертудің сыртқы көрінісін  көруге болады.

Title жарлығының жанындағы мәтіндік жол қазір «Кинематика» сөзімен өзгерткеннен соң, бізге қажетті бірнеше объектілерді яғни, View Controller объектілерін кітапханадан сахнаға қоямыз. Жобаға View Controller объектілерін қойғаннан кейін, әрбір объектіге cәйкес жаңа класстар құрамыз. Жаңа класс құру үшін File -> New File -> Objective C class қатарын орындаймыз. Жаңа класс құрғаннан соң, контролеріне әрекет қосу үшін kinematikaViewController.h. атты файлға кейбір өзгерістер енгізуіміз қажет. Қарау терезесі контроллерінің бас жақтағы файлдары қарау терезесі контроллері туралы ақпараттан тұрады. Бас жақтағы файлға кодтың бір жолын қосқанымыз жеткілікті.

Ендігі кезекте қосымшадағы беттерді бір ‑ біріне байланыстыру үшін Ctrl пернесі қолданылады. Оны іске асыру үшін Ctrl пернесі басып келесі объектіге байланыстырыңыз және шыққан қалқымалы мәзірден push типін таңдайсыз. Содан соң объектілер арасында байланыс орнайды.

Қосымшаңызды құрып iOS Simulator‑да іске қосыңыз және симулятор экранында басуды бастаңыз.

Бұл құрылған мобидьдік анықтамалық қосымшаның ерекшелігі оқушылар алған білімдерін оңай әрі жедел түрде тексеруге мүмкіндік береді. Жасалынған мобильдік анықтамалық қосымша «Физика» пәні бойынша анықтамалық әдістемелік құралды қолданудың және тестік әдістемелік құралды қолданудың мүмкіндіктерін көрсете алады. «Физика» пәні және «Кинетика» бағыты бойынша алынған тестік бақылаудың сыртқы көріністері 2 және 3 – суреттерде келтірілген.

2-сурет. «Физика» пәні бойынша тестік әдістемелік құралдың сыртқы көрінісі  
3-сурет. «Кинетика» бағыты бойынша алынған тестік бақылаудың сыртқы көрінісі  

Физика пәнін оқытуда Apple программалау ортасын қолдану кезінде оқушылардың өз көздерімен көріп, Xcode өңдеу құралының көмегімен қарапайым мобильдік анықтамалық қосымшаларды жасап үйренсе, ақпараттық технологияларды оқыту деңгейі жоғарылап, пәнге деген қызығушылығы артады.

Мобильді анықтамалық әдістемелік құралдар арқылы бізді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап алуға болатындығын, сонымен қатар күнделікті тұрмыста, үй жағдайында немесе жұмыста қолдануға ыңғайлы әрі түсінуге де жеңіл бағдарлама екендігіне көз жеткізуге болады

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Mac OS — операционная система от компании Apple. MACLINKS.RU. [В Интернете] [Цитировано: 24 Декабрь 2010 г.]

http://www.maclinks.ru/index.html.

  • StephanG. Kochan. ProgramminginObjective-C, Fouth Edition.Addison-Wesley,2012.-P.562.
  • Nurkasymova S.N, Zhalgasbekova Zh.K and Balabekov K.N. – Application of Modeling Technologies in Educational Process in High School, Middle-East Journal of scientific Research 17(3): 275-279,2013, http://www.idosi.org/mejsr/mejsr17(3)13/2.pdf
Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [217.32 KB]

Егер сайттағы мәтіннен қате тапсаңыз, мәтіннің бір бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернесін басыңыз

Daraboz Education

https://daraboz.kz

Daraboz Education - "Дарабоз" ғылыми-әдістемелік журналы Тел: +7 (771) 691-92-93 Email: edu@daraboz.kz (байқау); journal@daraboz.kz (журнал)

Ұқсас публикация

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: