Латын графикасына көшу — ел дамуына әсер етеді ме?

 Латын графикасына көшу — ел дамуына әсер етеді ме?

Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы.

(А. Байтұрсынұлы)

        Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында «…Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады.[1] Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағыттап жатқан оң шешім болса керек. Сондай-ақ Елбасы осыған дейін латынға өткен Түркі елдері Түркия, Әзербайжан, Өзбекстанның тәжірибесіне де сүйену қажеттілігін, ондағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралау керектігін алға тартады.

         Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш рет еліміз егемендік алған тұста, яғни 1991 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін қалаған қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ә.Қайдардың мақаласынан бастау алды. Академик ғалым Елбасына «Ашық хат» жолдап, еліміз латын әліпбиіне көшу керектігін айтып, өз жобасын ұсынады. Сол кезден бастап латын әліпбиіне байланысты әртүрлі ой-пікірлер айтылып жатты. Қазақ халқының ұлт ұстазы атанған А.Байтұрсынұлы: «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы» деген сөзін есімізге алуымыз қажет.[2] Латын  әліпбиіне көшу мәселесі көп ізденуді қажет етеді. Өйткені тілдің заңдылықтарын ескере отырып, халыққа тиімді әліпби ұсыну және оны жүзеге асырудың жолын қарастыру үшін көптеген білім мен ізденіс керек.

      Латын әліпбиіне көшу — болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалатын игі дүние. Себебі қазақтың дыбыстық жүйесін сол қалпында таңбалап бере алатын әліпбиді енгізу болса, екіншіден, сол әліпби қоғам дамуына сай одан әрі жетілдіруге ілесіп, дами алу деңгейінде ескерілетін заңдылықтарды енгізу және қазақтың ұлттық жазуын, әліпбиін тұрақтандыруға, қазақ тілдік қорды сол қалпында сақтап қалатын негізгі графиканы енгізуге бағытталады. Сонымен қатар, латын графикасына көшсек, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Ақпараттық технология заманында ғаламтор жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екенін ескерсек, қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Біз латын әліпбиіне көшіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Тіліміздің өркендеуіне жол ашып, жазушы, ақын шығармалары мен ғалымдардың зерттеулерін әлем алдында терезесі тең мемлекет ретінде көрсете аламыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, түркі тілдес елдердің мәдениеті, әдет-ғұрпы бір-біріне ұқсас. Латын графикасына көше отырып, беймәлім дүниелермен де тыңғылықты танысуға мүмкіндік аламыз.

        Қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін, қазақ жазуының латын графикасына көшуі – мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Әлемдегі елдердің 70% -дан астамы латын қарпін қолданады. ХХІ ғасырда латын әліпбиі технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл оның экономикалық тиімділігін де айқындайды.

         Мәңгілік Елде тіліміз де, жаңа әліпбиіміз де мәңгі жасау үшін мұқият зерделеуді талап етеді. Тарихи жәдігерлерімізді, өнер туындыламыздың түпнұсқасын сақтап, тарихи маңыздылығын жоғалтпай жеткізу үшін латын әліпбиінің алар орны ерек.  Латын  жазуын жүзеге асырғанда, қазіргі кезеңді ғана ойламай, болашақ ұрпақтың сауатты жазуына, әлемдік деңгейде бәсекелесе алатындай дәрежеде болуына мән берген жөн.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2017 жылғы 12 сәуір

2. Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал. Алматы, «Сардар» баспасы, 2009 — 348 бет.

3. Садық «Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы» / Қазақ үні, 2017 ж.

4. Хамзина «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді»

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ — ЕЛ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ МЕ?

Ермаханова Шолпан Мырзабекқызы

№119 мектеп-лицейінің   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы қаласы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [21.51 KB]

Егер сайттағы мәтіннен қате тапсаңыз, мәтіннің бір бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернесін басыңыз

Daraboz Education

https://daraboz.kz

Daraboz Education - "Дарабоз" ғылыми-әдістемелік журналы Тел: +7 (771) 691-92-93 Email: edu@daraboz.kz (байқау); journal@daraboz.kz (журнал)

Ұқсас публикация

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: