Close

Мұғалімдерге жұмыс

«Дарабоз» Оқу орталығы олимпиадалар мен оқушылар байқаулары үшін тапсырмалардың жаңа авторларын іздейді. Біздің тату командаға қосылуға шақырамыз! Біз қашықтықты олимпиада мен байқауларды үнемі өткізіп тұрамыз. Біздің сайыстарға оқушылар қуана-қуана қатысады, олар жаңа білім деңгейін игеріп, ой-өрісін дамытады. «Дарабоз» оқу орталығы материалдарды құрастырушы педагогтар командасын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Біздің мақсатымыз – түрлі тақырыптарда жаңа, қызықты тапсырмалар дайындау, тұрақты қатысушылардың танымдық белсенділігін арттыруда қолдау көрсету және 1-11 сынып оқушылары мен студенттерді сайыстарға тарту. Оқуға деген қызығушылықты арттыру және білімін деңгейін жетілдіру сіздің өз қолыңызда!

Кімді іздейміз?
Сауатты, өз ісіне берілген педагогтарды әріптестікке шақырамыз.

  1. Егер сіз ғылымға шығармашылықпен қарай алсаңыз;
  2. Егер сіз балаларды қалай қызықтыру керектігін білсеңіз;
  3. Егер сіз білім беру-дамытушылық саласында серпіліс жасауға дайын болсаңыз – онда сізді күтеміз;

Біз өз авторларымызға не ұсынамыз

  1. Лайықты ақы төленеді
  2. Авторларға сапалы орындалған жұмыстары үшін сыйақы жүйесі ұйымдастырылған.
  3. Сыйақы мөлшері құрастырылған материалдарға төленетін ақыдан жоғары!!!
  4. Портфолио үшін авторлық туралы ресми куәлік.

Түйіндемеңізді жіберу үшін төмендегі жолақтарды толтырыңыз.

Сіздерден күтетініміз материалдардың кәсіби құрастырылғандығы, техникалық тапсырманың сақталуын және жұмыстың мерзімінде дайындалуы. Қалғанында – толық шығармашылық еркіндік! Біз сізге неғұрлым егжей-тегжейлі ұсыныс жібереміз. Біздің тату командаға қосылуға шақырамыз! Пікірлеріңізді күтеміз және кәсіби қызметте сәттілік тілейміз.