Close

Біз туралы

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Білімді ұрпақ кез-келген мемлекеттің болашағын жарқын ете алады. Білімді ұрпақты сауатты ұстаз тәрбиелеп шыға алады. Білім заманында ұстазға да қойылған талап жоғары. «Дарабоз» оқу орталығының басты ұстанымы да ел болашағына қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосу.

Біздің мақсатымыз:

  • Оқушылардың шығармашылық, дамытушылық және талпынушылық сияқты маңызды қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
  • Бүгінгі таңда заманауи оқушыларға өздерінің зияткерлік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беру.
  • Оқушыларды мектептегі білім алудағы көзкарасын өзгертіп, олардың жеңіске жетуге деген ұмтылысын арттыру.
  • Мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру үшін көмек қолын созу.

Ол үшін біздің портал Республика бойынша оқу ордаларымен байланыста бола отырып әр түрлі тәжірбиелік ғылыми-конференциялар, семинар-тренингтер, презентациялар өткізіп келеді. Оқушылардың білімін көтеру әрі оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар, пәндік тесттер, әр түрлі байқаулар өткізіп тұрады.
Атап айтсақ, Астана және Алматы қаласында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарында мұғалімдер арасында, оқушылар арасында семинарлар, шығармашылық байқаулары жарияланды.
Еліміз бойынша үздік ұстаздардың білім тәжірбиелерін басқаларға үлгі ету мақсатында әдістеме нұсқаулықтар жинағы шығарылады.
Біз сіздермен, білімге құштар оқушылармен, білікті әрі тәжірбиелі ұстаздармен бірлесе қызмет етуге дайынбыз.