Close

Тараз мектептерінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынды

Тараз қаласының прокуратурасы мектеп қабырғасында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салды.

«Гаджеттерді пайдалануға салынған тыйым ұялы телефондардың ұрлығын болдырмаумен байланысты шаралардың бірі ретінде қолға алынды», — деп нақтылады қала прокуроры Бекзат Сейілхан.

Жамбыл облыстық ІІД-нің жергілікті полициясының мәліметінше, өңірдегі қылмыстардың рейтингінде ұялы телефондардың ұрлығы бірінші орында тұр. Өткен 2016 жылы полиция қызметкерлері ұялы телефондардың ұрлығымен айналысып келген 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

«Профилактикалық жұмыстың бәсеңдеуі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың артуына алып келді. Бүгінде Таразда кәмелетке толмағандармен 28 мобильді топ жұмыс істейді. Оқушылар арасында сауалнама өткізілді, мектептер учаскелік инспекторлармен және бейнекамералармен қамтамасыз етілді. Мектептерде гаджеттердің қолданылуына тыйым салынды», — деді Б.Сейілхан.

Бұл ретте, жаңашылдыққа қарсылық білдірген ата-аналар түрлі инстанцияларға шағымдарын түсіре бастады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *